НОВОСТИ

«Ер есімі-ел есінде»

19 мамыр сағат 10.00-де, Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжі әкімшілігі мен білім алушылары, ҚР Президенті архивінің аға сарапшысы Сүлейменова Әлия Тоймаханқызы мен 1 санаттағы архивист Ботанова Жанар Кабдолбаритовна ,“AMANAT” партиясы Алматы қаласы Түрксіб ауданы филиалының төрағасы — Сарыбаев Серікболсын Арыстанұлы қатысуымен “Алматы-1темір жол вокзалы” маңында орналасқан Әліби Жанкелдин ескерткіші жанында Тұлғалардың тағылымды жолын насихаттау барысында «Ер есімі-ел есінде» атты тақырыппен қазақтың тұңғыш саяхатшы, жиһанкезі — Әліби Жанкелдинге арналған, өмірден озғанына 70 жыл толуына орай, іс шара болып өтті.
Іс-шараны колледж оқытушысы -А.Ж.Қалымбетова ашты, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Кезекті ретте, сөз алған ҚР Президенті архивінің аға сарапшысы Сүлейменова Әлия Тоймаханқызы “Ерекше тағдыр иесі -Әліби Тоғжанұлы Жангелдин қай жағынан болмасын түңғыштар қатарында болды. Қазақстан шыққан түңғыш жер шарын аралаған саяхатшы, тұңғыш кәсіби фотограф, кинооператор және халықаралық өмірдің хрониктері (шежірешісі), ХХ ғ. басындағы революциялық қозғалыстарға қатысушы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы Амангелді батырдың саяси тәлімгері және қарулас әріптесі, Кеңес өкіметінің Қазақстандағы тұңғыш уәкілетті өкілі Дала өлкесінің Төтенше комиссары болғанына тоқталып, ҚР Президенті Архивінде жарыққа шығуға 144 құжат жарияланып, оның 71-і алғаш рет ғылыми айналымға енгізілгені” туралы айтты
Сөз алған “AMANAT” партиясы Алматы қаласы Түрксіб ауданы филиалының төрағасы — Сарыбаев Серікболсын Арыстанұлы -Тарихымызда орны бар “Ерлер есімі-ел есінде” болатынын, жастарымыз Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің атқарған қызметтері мен тағлымды істері жайлы баяндады.
Қорытынды сөз алған, колледж директоры К.Қ.Құрымбаева “кешегі күн-бүгінгі тарих” деп, бекер айтылмаса керек, саяси тұлға, қоғам иқайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы жайлы орамды ойларымен қорытынды жасап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.