Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егемен ел болған күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл, міне, 28 жыл толды. Осы айтулы мереке қарсаңында, яғни, бүгін қала әкімі Асқар Мұқашев Қаскелеңнің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.
Бұл игі шараға Каскелен қаласындағы «Аяжан» колледжі ұжымы, басшысы Құрымбаева Күлдарихан Күржікқызы қатысып, марапатқа ие болды. Марапаттау салтанатында сөз алған қала әкімі Асқар Мұқашев шараға қатысушыларды әр елдің, әр халықтың жыл сайын тойланатын басты мерекесі болып саналатын Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, қала басшысы Қаскелеңде болып жатқан өзгерістер жайын кеңінен тоқталып, қоғамдық шараларға белсене қатысып, қаланың өркендеу жолында қызмет етіп, үлкен үлестерін қосып жүрген бірқатар белсенді азаматтарды «Алғыс хатпен» марапаттады.