НОВОСТИ

«АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясы

Колледж еріктілер тобы, Умбеталиева Айгерім Болатовна бастауымен «1-наурыз Алғыс айту күніне» орай «АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Жастардың ізгіліктің нақты көрінісін көрсетіп жүрген игі істері көңіл қуантады. Расында да біреуге көмек көрсету үшін бай болып қажет емес, тек қана мейірімді жүрек пен таза ниет болса болғаны. Халқымыз қайырымдылықты қасиетті, қастерлі ұғым санаған. Сондықтан қоғамда өз ортамызды ынтымақ пен қайырымдылық мекеніне айналдыру өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн.