НОВОСТИ

«Ерен еңбегі үшін» үкіметтік медаль

Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжінің директоры, Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы—Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік медаль, «Престиж-1» БПҰ-ның төрайымы болып басқарған жылдардағы еңбегі ескеріліп, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Алматы қаласы Білім департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, баянды бақыт, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!