Написать сообщение

Блог директора

Курумбаева Кулдарихан Куржиковна

Курумбаева К.К. с 1992 года посвятила себя обучению и воспитанию медицинских кадров в открытом ею медицинском колледже «Аяжан».С 1999 года Кулдарихан Куржиковна является председателем общественного объединения «Қазақ тілі» Турксибского района г. Алматы...

Новости

«Адал жол» жемқорлыққа қарсы күреске арналған марафон

21.05.2018

Научно-практическая конференция

18.05.2018

В 2017-2018 учебном году в УО колледж «Аяжан» была проведена Научно- практическая конференция на тему: «Актуальные вопросы в медицине». Обучающиеся колледжа 2,3 курсов специальности «Лечебное дело» и «Сестринское дело» активно принимали участие в конференции.

«Ер есімі - ел есінде»

15.05.2018

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Түрксіб ауданы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелері қатысуымен, Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжі, Алматы қаласы № 1 педагогикалық колледжі, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, Азаматтық авиация колледжі білім алушыларының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысында көп қасірет шеккен жауынгер, ержүрек ұл Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби скрипкашы – Айткеш Толғанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті.

«Көркемсөз оқу шеберлері» аудандық байқауы

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы әкімдігі мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында талантты жастар арасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған  мамыр айында 2018 жылы сағ 1030-да Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжінде «Көркемсөз оқу шеберлері»  аудандық байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты  жастарды жан-жақты көтермелеу.

Байқаудың міндеті: Көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани  біліктілікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың шарттары: Байқауға 17-29 жас аралығындағы Түрксіб ауданының білім ордаларынан келген 13 қатысушы  қатысты. Байқауға қатысушылар төмендегідей тапсырмаларға алдын-ала дайындалып келді.

1. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық  шығармаларынан үзінді оқу;

2. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

3. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары драмалық шығармаларынан үзінді оқу;

Байқау барысында қатысушылар қазаққа белгілі ақын-жазушылардың прозалық, поезиялық шығармаларын жатқа айтып, көркемдігі жоғары драмаларынан үзінді көрсетіп өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді.

Байқау соңында Азаматтық Авиациялық Академиясының білім алушысы Хасенов Талант Қуантайұлы І орын, №115 жалпы білім беру мектебінен келген қатысушы Құрманғазы Айгерім Бейсенбайқызы ІІ орын, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінен келген қатысушы Зайтоллаева Қымбат Сагидосхановна ІІІ орынды өзара бөлісті.

Барлық қатысушылар байқауға белсене атсалысқаны үшін арнайы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ, жетекешілері де дарынды білімалушылар тәрбиелегені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 

Қазылар алқасы құрамын:

  1. ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі» төс белгісінің иегері, Құрмаңғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің қызметкері Хайралиев Тұрарбек
  2.  «Күлкістан» театрының әртісі, ҚР жастар сыйлығының лауреаты Абжаппаров Дінмұхаммед Әбубәкірұлы

 Түрксіб аудандық әкімдігі «Тіл және мәдениет» бөлімінің бас маманы Мақашева Лаура Ділдаханқызы құрады.