Написать сообщение

Блог директора

Курумбаева Кулдарихан Куржиковна

Курумбаева К.К. с 1992 года посвятила себя обучению и воспитанию медицинских кадров в открытом ею медицинском колледже «Аяжан».С 1999 года Кулдарихан Куржиковна является председателем общественного объединения «Қазақ тілі» Турксибского района г. Алматы...

Новости

«Адал жол» жемқорлыққа қарсы күреске арналған марафон

21.05.2018

Научно-практическая конференция

18.05.2018

В 2017-2018 учебном году в УО колледж «Аяжан» была проведена Научно- практическая конференция на тему: «Актуальные вопросы в медицине». Обучающиеся колледжа 2,3 курсов специальности «Лечебное дело» и «Сестринское дело» активно принимали участие в конференции.

«Ер есімі - ел есінде»

15.05.2018

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Түрксіб ауданы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелері қатысуымен, Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжі, Алматы қаласы № 1 педагогикалық колледжі, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, Азаматтық авиация колледжі білім алушыларының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысында көп қасірет шеккен жауынгер, ержүрек ұл Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби скрипкашы – Айткеш Толғанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті.

«Ер есімі - ел есінде»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» атты тарихи мәні зор бағдарламалық мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.

Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады»-дей отырып, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды», деп айырықша атап көрсеткені жадымызда жаңғырып тұр.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Түрксіб ауданы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан»  Жастар қанаты мүшелері қатысуымен, Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжі, Алматы қаласы № 1 педагогикалық колледжі, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, Азаматтық авиация колледжі білім алушыларының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысында көп қасірет шеккен жауынгер, ержүрек ұл Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби скрипкашы – Айткеш Толғанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті.

«Қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы – Айткеш Толғанбаевтың өмірі мен шығармашылығына» арналған кеш №6 оқушылар шығармашылық үйінде  өтті. Аталмыш іс-шараға жоғарыдағы аталған колледждердің білім алушылары қатысқан Скрипкашының  өмірі туралы «Тауқымет» атты шағын пьеса қойылды.

Кешке Айткеш Толғанбаевтың қызы Саулетта Айткешқызы Толғанбаева, Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы - Байгутдинова Галия Аскаровна, «Бас дәрігер» журналының редакторы - Салтанат Байтілесова, «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы Төрағасының орынбасары - Нұрланбек Ескендірұлы Ажибаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, Семей қаласы мен Абай ауданының құрметті азаматы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Даулет Сейсенұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші  - Өмірзақ Бақиұлы Шанов, Алматы қаласы Тілдер басқармасы Бөлімі бастығы Бақыт Әбиірұлы Қылымбетов, Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Төрайымы Күлдарихан Құржыққызы Құрымбаева және т.б. көптеген қонақтар қатысты.

Кешке Бас демеушілік жасаған  Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Төрайымы, Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжінің директоры Күлдарихан Құржыққызы Құрымбаева.